Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада екі жастағы сәби үшінші қабаттан құлап кетті

Қызылордада екі жастағы сәби үшінші қабаттан құлап кетті

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында екі жастағы сәби үшінші қабаттағы терезеден құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оқиға кезінде сәбидің ата-анасы үйде болған. Анасы екі жастағы қыз баланың терезеден құлап кеткенін байқамай қалған.
«Сәбидің терезеден құлап қалғаны жөнінде ауладағы балалар келіп айтқан. Қазір бүлдіршіннің жағдайы орташа, облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінен палатаға шығарылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.
Соңғы жылдарда Қызылорда қаласында мұндай жағдайлар жиі тіркеліп отыр. 2018 жылы 4 бала көп қабатты үйдің терезесінен құлады. Ал, 2019 жылы 7 бала осындай жағдай болып, оның ішінде 1 бала оқиға орнында қаза тапқан. Зардап шеккендердің негізгі бөлігін 1 мен 6 жас аралығындағы балалар құрайды.
12 мамыр 2020 ж. 865 0