Атырауда екі қыз бала терезеден құлап кетіп, біреуі қаза болды
Атырауда екі бала терезеден құлап, бірі қаза тапты, ал екіншісі жансақтау бөлімінде жатыр. Төтенше жағдай қаланың сыртындағы Орман шаруашылығы шағын ауданында болған.
«Аурухананың жансақтау бөліміне түрлі жарақат алған екі бүлдіршін - 5 және 4 жасар қыздар түсті. Қыздардың үлкені алған жарақаты салдарынан көз жұмды. Өкінішке қарай, дәрігерлер оны құтқарып қала алмады. Төрт жасар қыздың жағдайы тұрақты ауыр. Ол жансақтау бөлімінде жатыр, дәрігерлер оған барлық қажетті көмекті көрсетуде», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.
https://reactor.inform.kz