Қарағанды облысында туған әкесі қағып кеткен 7 жасар қыз көз жұмды

«Қыз бала ауруханаға түскенде бас миы қатты шайқалған, қолы мен аяғы сынған және денесінің көп бөлігі сырылған күйде болды. Ол өздігінен тыныс ала алмай, бірден комаға түсті. Құрамында хирург, жүйке дәрігері және өзге де мамандар бар дәрігерлер тобы бірнеше рет консилиум өткізді. Қыз баланы Майқұдықтағы №1 қалалық ауруханаға жеткізген соң, әрі қарай ешбір клиникаға бағыттай алмадық — жағдайы тым ауыр болды. (…) Мұндай жарақаттар кішкене бала үшін оңай емес», — дейді Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.
Еске сала кетсек, бұған дейін Қарағанды облысында анасы мен қызын көлік қағып кеткенін хабарлаған едік. Артынша жүргізуші өз әйелі мен қызын қаққаны анықталды.