Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қиярды күнде жеудің 5 пайдасы

Қиярды күнде жеудің 5 пайдасы

Қияр – арзан көкөністердің бірі. Кез келген салаттың әрін келтіріп, тамаққа қосуға болады. Құр жеуге де ыңғайлы.

Мамандардың айтуынша, қиярды күнделікті рационға қосқан адамның ағзасы қатерлі ісіктен аман болатын көрінеді.

Ендеше мамандардың айтып жүрген кеңестерінен қиярды күнде жеудің 5 пайдасына тоқталайық.

Ағзаға ылғал береді. Адам ағзасына судың аса қажет екенін айтпасақ та түсінікті. Әсіресе, күн ыстық күндері ағза қатты шөліркейді. Ал қиярдың өзі 97 пайыз судан тұрады. Судың орнына қиярды жеп ағзаға ылғалды еркін толтыруға болады. Оның үстіне, қиярдағы микроэлементтер тері мен бет-әлпетке ылғал мен нәр береді.

Қатерлі ісіктің алдын алады. Қиярдың құрамындағы лигнан мен полифенол сынды заттар – қатерлі ісіктің өсіп шығуына кедергі келтіретін антиоксидантты қасиеті бар заттар. Әсіресе, әйел адамда болатын қатерлі ісіктердің бетін қайтарады.

Сүйекті берік етеді. Қиярда К дәрумені мол. Бұл витамин кальцийдің ағзаға сіңуіне көмектеседі. Содан сүйек берік болмақ. Сыну, шытынау, остеопороздан аман болады.

К дәруменінің тағы бір жақсы қасиеті – қарт адамның миына жағымды әсер етеді. Мидың белсенді болуына көмектеседі.

Ағзаны тазалайды. Қияр ішекті тазалап, жұмысын жақсартуға көмектеседі. Қиярдың құрамындағы эрепсин ферменті ақуызды қорытуға септігі тиеді. Әсіресе, етті қорытуға пайдалы деген сөз.

Күйзелісті жоқ қылады. Қияр – В тобындағы дәрумендердің нағыз қоры. Бұл витамин адамның неврологиялық денсаулығына пайдалы. Психиканың дұрысталып, ой белсенділігін жақсартады.

massaget.kz
05 мамыр 2022 ж. 2 313 0