Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәрігер күндізгі ұйқының қаупін атады

Дәрігер күндізгі ұйқының қаупін атады

Күндізгі ұйқышылдықтың өлімге әкелетін түрі туралы кардиолог, сомнолог, Екатерина Племянникова айтты. Оның айтуынша, апноэ сияқты диагнозбен ауыратын жүргізушілер арасында жол апаты болу қаупі жеті есе артады. Бұл туралы URA.RU жазды.

Дәрігер апноэ дегеніміз – ұйқы кезінде тыныс алуды ұстап тұру дейді. Яғни ұйқы уақытында жиі демалмай қалатын адмдар. Мұндай ауруға негізінен қорылдайтын адамдар шалдығады. Тыныс алу ретсіздігі саналы күйде және оның ешбір ауырсынатын белгісі болмағандықтан адам бұл туралы шағымданмауы мүмкін. Сонымен бірге ол қандағы оттегі мөлшерінің төмендеуіне және оның барлық тіндер мен мүшелерде жетіспеушілігіне әсер етеді.

"Ми адам қорылдап, демді ұстап қалу кезеңінің әрбірінде оянады. Нәтижесінде ұйқы кезінде дене демалмайды, соның салдарынан күндіз ұйқышылдық пайда болады. Егер мұндай ауруы бар адам көлік жүргізсе қауіпті," - дейді Екатерина Племянникова.

Дәрігер ұйқышылдық сізді ұзақ уақыт мазалаған жағдайда маманға хабарласуды ұсынады.

massaget.kz
10 мамыр 2022 ж. 426 0