Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қалай жатып ұйықтаған дұрыс – маман жауабы

Қалай жатып ұйықтаған дұрыс – маман жауабы

Дұрыс ұйықтамай адам денсаулығына зиян және бұл әдет болып кетсе ағза созылмалы ауруға шалдығады, деп ескертті невропатолог-сомнолог Елена Царева. Ол Sputnik радиосына берген сұхбатында қалай жатып ұйықтаған адам денсаулығына зиян екенін айтты.

Адамдар жиі бір қалыпта ұйықтауға дағдыланады, бірақ кейде бұл денсаулыққа зиян тигізеді. Мысалы, бір қырынан жатып ұйықтау медициналық тұрғыдан ең пайдалы. Бірақ сол жақпен жатып ұйықтау кезіндегі қысым жүрек ауруы бар адамның жағдайына кері әсер етуі мүмкін, мұндай адамдар оң жағымен жатқаны дұрыс, деп санайды Царева.

"Бір қырынан жатып ұйықтаған жақсы. Бұл позицияда метаболикалық өнімдерді жою жылдамдайды», - деп нақтылады невропатолог-сомнолог.

Дәрігердің айтуынша, қорылдайтын және осындай жағдайда тынысы үзіліп қалатын адамдар шалқасынан ұйықтамағаны жөн.

"Егер ұйқы кезінде тыныс алудың кідірісін тудыратын қорыл мен тілдің тартылуы болса шалқасынан жатып ұйықтауға болмайды", - деді ол.

Дәрігердің айтуынша, адамға ең зияны етпетінен жатып ұйықтау. Егер ұзақ уақыт бойы осы күйде ұйықтайтын болсаңыз, оның салдарынан омыртқа ауырады.

"Бұл таңертең мойын мен бастың ауыруына әкелуі мүмкін. Етбетінен жатып ұйықтау асқазанға да салмақ түсіріп, метаболикалық процестердің бұзылуына әкеледі және Альцгеймер ауруының дамуына себеп болуы мүмкін", - деді Царева.

Етпеттеп жатқанда басты бір жаққа бұру керек болады. Ал ол мойын тұсындағы қан тамырларының жұмысына кедергі келтіріп, миға қан мен оттегі баруын тежейді. 

massaget.kz
13 ақпан 2022 ж. 610 0