Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қандай қалыпта ұйықтаған зиянды екені белгілі болды

Қандай қалыпта ұйықтаған зиянды екені белгілі болды

Ішпен жатып ұйықтаған денсаулыққа біршама зиян келтіруі мүмкін. Бұны америкалық Майо клиникасының сарапшы-сомноголтері анықтады, деп жазады Stan.kz.

Зерттеулердің нәтижесі бойынша мұндай қалыпта ұйықтау арқа ауруына, мойын жұлынының зақымдануына, тамыр мен аяқ-қолдардың ауруына әкеліп соғады.
Сонымен қатар, ішпен жатқанда дем алу қиын болады. Әсіресе жүкті әйелдерге ішпен жатып ұйықтамауға кеңес беріледі. Себебі бұл жағдайда қан ағыны нашарлайды.
Омыртқаға қатты күш түсірмеу үшін жамбасқа және іштің астына да жастық қойған жөн. Сондай-ақ, астыға қатты матрас төсеу керек. Ғалымдар бұдан бөлек бас және мойын еркін қозғалуы үшін ыңғайлы жағдайда ұйықтауға кеңес береді.
Stan.kz
24 қыркүйек 2018 ж. 1 144 0