Жүрек ауруының алдын алудың оңай жолы

Мамандар ұйқы мен жүрек аурулары арасындағы байланысты анықтау үшін 37-73 жас аралығындағы 407 мың адамның ұйқысын бақылауға алған. 10 жылдың ішінде бұл адамдардың арасында 5221-і жүрек кемістігіне шалдыққан екен. Сондай-ақ, күндіз емес, түнде ұйықтаған және тәулігіне бір уақытта 7-8 сағат ұйықтаған адамның жүрек ауруларына шалдықпайтыны анықталды.
Кешке ерте жатып, ерте тұрғандардың жүрек кемістігіне шалдығуы 8% аз, ал 7-8 сағат ұйықтағандардікі – 12%, шырт ұйықтайтындардікі – 17%, күндіз емес түнде ұйықтайтындардікі 34% аз болып шықты.