Ұзақ өмір сүру үшін қанша сағаттық ұйқы қажет

Мамандар ұйқы режимі жақсы адамдарда жүрек ауруларының қаупі едәуір төмен екендігін анықтады. Олар 7-8 сағатқа дейін ұйықтауды жақсы режим деп санайды. Зерттеу барысында ғалымдар 37 мен 73 жас аралығындағы 408 802 адамды бақылады, олардың ішінде 5 221 адамға жүрек жеткіліксіздігі диагнозы қойылған. Олардың ұйқы режимінде де проблемалар байқалған: кейбіреулері ұйқысыздықтан зардап шеккен, кейбіреулері түн ортасында оянып кететін, ал қалғандары тым аз ұйықтайтын болған.