Жалағаштық жігіт елордада бүлдіршінді құтқарды

«Балаларым Қызылордада тұрады, мен осында баспана жалдап, жұмыс істеймін. Жұмысқа асығып бара жатқанмын. Сегізінші қабаттың балконында ілініп тұрған баланы байқадым. Ілініп тұрған қызды көргенде оны құтқаруды ғана ойладым. Ол сәтте өзімді ойлайтындай болмадым», – дейді Сәбит Шонтақбаев.
Қызылордалық азамат елордаға жұмыс істеуге келген. Оның төрт ұл, үш қызы бар.
kyzylorda-news.kz