Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сәбиттің досы Сағи да марапатталды

Сәбиттің досы Сағи да марапатталды

Бүгін елордалық Төтенше жағдайлар департаментінде Сәбит Шонтақбаевпен бірге қызды сегізінші қабаттың терезесінен құлаудан құтқаруға қатысқан батыр Сағи Жылқышиев марапатталды.

Сағи Жылқышиев көрсеткен ерлігі үшін ҚР ТЖМ бұйрығымен «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен, алғыс хатпен және қол сағатымен марапатталды.

Еске сала кетейік, 11 мамыр күні Сәбит досымен бірге таңертең жұмысқа бара жатқан кезде, адамдар тобын көріп, 8-қабат деңгейінде тұрған баланың айқайы дереу подъезге жүгірген болатын. Көршілер арқылы 7-қабатқа көтерілген Сәбит досымен бірге құтқару шараларын қолға алды, себебі әрбір секунд есепте болды. Сабит терезеден өтіп, Сағи досын бір қолымен аяғын, екінші қолымен терезесін ұстап сақтандырды.

Біз айқайды естіп, ілініп тұрған баланы көрдік, ойымыз тек баланы құтқару болды, ойланбастан жүгірдік, - деп атап өтті Сағи Жылқышиев.

Екі достың бірлескен күш-жігерімен санаулы минуттарда қыздың өмірі аман-есен сақталды.

baq.kz
13 мамыр 2022 ж. 519 0