Қызылорда облысының әкімі Сәбит Шонтақбаевтың ата-анасына ілтипат көрсетті
![](/uploads/posts/2022-05/medium/1652444376_222.jpg)
Бүгін Аққұм ауылында тұратын Сәбиттің әкесі Серік Шонтақбаев пен анасы Гүлбаршын Пірімбетоваға Қызылорда облысы әкімінің атынан сый-сияпат көрсетіп, теледидар табыстады.
Аудан әкімі Асқарбек Есжанов осындай ержүрек азаматты дүниеге әкеліп, өнегелі тәрбие берген ата-анасына Сыр халқы атынан ризашылығын білдіріп, облыс әкімінің құрметін жеткізді.
Құттықтау хатта «оқыс оқиғаның алдын алып, 3 жасар бүлдіршінді аман сақтап қалуы нағыз батырлық пен батылдықтың шынайы үлгісі. Сәбиттің бұл әрекеті Сыр жұртшылығының ғана емес еліміздің барлық азаматтарының жүрегіне әсер етті. Осындай ержүрек, елжанды ұл өсіріп, тәлім-тәрбие бергендеріңізге Алғысымды жеткіземін»,- делінген.
kyzylorda-news.kz