Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында 16 тұрғынды алдап соққан алаяқтар ұсталды

Қызылорда облысында 16 тұрғынды алдап соққан алаяқтар ұсталды

Қызылорда облысында Тенгиз мұнай компаниясына жұмысқа орналастырамыз деп 16 тұрғынды алдап соққан алаяқтар құрықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
7 мамырда 16 тұрғын алаяқтың құрбаны болғаны туралы Байқоңыр полициясына арызданған. Осы жылдың наурыз-сәуір айларында екі азаматша WhatsApp мессенджері арқылы топ құрамында ақшалай сыйақымен Атырау қаласындағы Тенгиз мұнай компаниясына жұмысқа орналастырып береміз деп сенімдеріне кіріп, әр біреуінен 150-200 мың теңге аралығында ақшаларын Kaspi Gold есеп шоттарына аудартып алған. Жәбірленушілерге келген шығын үш млн теңгеге жуықтаған.

Бірақ осы күнге дейін уәделерін орындамаған, ақшаларын қайтармаған. Жедел-іздестіру шаралары барысында алаяқтық қылмысына күдіктелген екі азаматша анықталып, ұсталды. Олар екеуі де Қызылорда облысының тумасы болып шықты.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190- бабының 3-бөлігі 4-тармағымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

baq.kz
16 мамыр 2022 ж. 277 0