«Тенгиз-Шевройлға» жұмысқа тұрғызамын деп миллиондаған ақша жымқырған қызылордалық ұсталды

«Оның жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі 3 454 200 тенгені құрады. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Қызылорда қаласының 34 жастағы тұрғыны тұтқындалып, кінәсін толығымен мойындады.
Қызылорда қалалық сотының үкімі негізінде айыпталушыға 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, сот жәбірленушіге келтірілген шығынды заңмен белгіленген тәртіппен өтеуді міндеттеді», – деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.