Танысының атынан несие алған қызылордалық ұсталды

Біраз уақыт өткен соң берешектері көбейіп, банктен хабар келгенде жәбірленуші полицияға жүгінген. Жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 20 жастағы күдікті ұсталды.
«Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды».