Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » WhatsApp-ғы топтан жұртқа байқатпай шығып кетуге бола ма?

WhatsApp-ғы топтан жұртқа байқатпай шығып кетуге бола ма?

WhatsApp мессенджерінде жаңа функция іске қосылмақ. Ол - топтардан жұртқа жария болмай шығу жолы.

Дәл қазір мессенджерде топтан шығатын болсаңыз, болмаса байқаусызда шығып кетсеңіз, онда сондағы қолданушылардың бәрі көреді. Топқа хабарлама шығады. Алдағы уақытта жария болмай шығудың да жолы пайда болмақ.

WABetaInfo порталы ақпараты бойынша, мессенджердің компьютерге арналған 2.2218.1 бета-нұсқасында бұл функция іске қосылып үлгерген. Топтан шыққаны туралы хабарламаны тек топты басқарушы админдер ғана алады.

WhatsApp мессенджеріндегі жаңа функция қашан қолданысқа енгізілетіні әзірге белгісіз. Android пен iOS базаларында да сынақтан өтуі керек.

massaget.kz​​​
19 мамыр 2022 ж. 252 0