Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » WhatsApp-та жаңа функция пайда болды

WhatsApp-та жаңа функция пайда болды

WhatsApp мессенджерінің бета-нұсқасында жаңа пайдалы функция пайда болды, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі Wabetainfo-ға сілтеме жасап.

Портал мәліметтері бойынша, енді WhatsApp-та QR-кодтарын тану функциясы болады. Қазір ол iOS үшін қосымшаның бета-нұсқасында іске асырылған, ал кейінірек Android құрылғыларында да қолжетімді болады.
Мессенджер пайдаланушылары телефон нөмірі шифрланатын жеке кодты сұқбаттасушыға жібере алады. Мұндай комбинацияны алғаннан кейін оны смартфонның камерасы арқылы сканерлеу қажет. Бұл адамды контактілер тізіміне тез қосуға мүмкіндік береді.
Егер сіз шифрланған ақпаратты қате адамға жіберсеңіз, QR кодын жойып, жаңасын жасауға болады.
22 мамыр 2020 ж. 605 0