Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » WhatsApp уақыт үнемдейтін жаңа қызмет түрін іске қосты

WhatsApp уақыт үнемдейтін жаңа қызмет түрін іске қосты

WhatsApp мессенджерінде Instagram және Facebook желілеріндегі видеоларды көрсететін жаңа функция пайда болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Hi-Tech сайтына сілтеме жасап.

Енді қолданушы басқа қолданушының жіберген сілтемесіндегі видеоны көру үшін чаттан шықпаса да болады. Себебі видео қосымшаның ішіндегі «Суреттегі сурет» режимінде ашылады. Сол себепті қолданушы да видеоны көре отырып, сонымен қатар әңгімелесушіге хабарлама жібере алады. Жаңа қызмет түрі iOS және Android смартфондарында қолжетімді. Оны пайдалану үшін қосымшаның соңғы нұсқасын жүктеу қажет.
Еске сала кетейік, сәуір айында WhatsApp-та өшірілген файлдарды қалпына келтіретін функция пайда болған еді.
Baq.kz
10 мамыр 2018 ж. 1 463 0