Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » WhatsApp нөмір ауыстыру мүмкіндігін енгізді

WhatsApp нөмір ауыстыру мүмкіндігін енгізді

Аталған қызмет түрін Android операциялық жүйесі барлар пайдалана алады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі life.ru сайтына сілтеме жасап.

Интернетте WhatsApp қосымшасының жаңартылған түрі пайда болды. Android операциялық жүйесі барлар бұдан былай аз уақыт ішінде тізімдегілерге өзінің нөмірі ауысқаны туралы ақпарат жібере алады. Алдағы уақытта бұл қызмет түрі iPhone және Windows Phone операциялық жүйелеріне де қолжетімді болады.
Жаңа өзгерістің арқасында WhatsApp қолданушылары нөмірін ауыстырса да, өзіне керекті ақпарат пен тіркелген топтарды бірге көшіре алады. Сондай-ақ, қолданушы тізімдегі барлық адамға өзінің нөмір ауыстырғаны туралы ақпарат жібере алады.
Baq.kz
01 сәуір 2018 ж. 1 921 0