Азаматтардың құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге негізделеді
![](/uploads/posts/2022-05/1652935473_bez-nazvaniya.jpg)
● Конституциялық Сот азаматтардың өтініштері бойынша Конституцияда бекітілген, олардың құқықтары мен бостандықтарын тікелей қозғайтын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Республика Конституциясына сәйкестігін қарайды.
● Өлім жазасына тыйым салынады.
● Прокуратура туралы заңға конституциялық мәртебе беріледі.
● Адам құқықтары жөніндегі уәкілге конституциялық кепілдіктер мен иммунитеттер беріледі. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Конституциялық Сотқа жүгінуге құқылы. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жөніндегі заңға конституциялық мәртебе беріледі.
● Мәжбүрлі еңбекке қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасауға кінәлі деп тану туралы сот актісінің негізінде ғана жол беріледі.