Қызылордада есірткі тасымалдаған тұрғын ұсталды
Қызылорда облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция ротасының қызметкерлері «Шымкент-Самара» тасжолы, яғни Арал ауданы Шижаға ауылы тұсында қызмет атқару барысында 30 жастағы аудан тұрғынының басқаруындағы «Nexia» автокөлігін жол ережесін бұзғаны үшін тоқтатқан.
Тексеру барысында жүргізушіден газет қиындысына оралған шөп ұнтақтарытәркіленді, сараптамаға жолданды. Сараптама қортындысына сәйкес тәркіленген зат «кептірілген марихуана» екені белгілі болды. Күдікті ұсталды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-бөлігімен (Есiрткi,психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.
kyzylorda-news.kz