Алдағы үш күн жаңбырлы болады
Қазақстан бойынша 2022 жылдың 31 мамыр–02 маусымына арналған ауа райы туралы болжамды "Қазгидромет" РМК жариялады.
Мамыр айының соңғы күні Қазақстан аумағының басым бөлігі Сібірдің үстіндегі циклон жырасының ықпалында болады – найзағай ойнап, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді.
Алайда, 01 маусым күні Батыс Қазақстанға Солтүстік антициклон әсер ете бастайды, ол республика аумағы арқылы шығыс бағытқа ауыса отырып, жауын-шашынның біртіндеп тоқтауына және температураның төмендеуіне алып келеді.
01-02 маусымында еліміздің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында түнгі және таңертеңгі сағаттарда топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді деп болжануда.
baq.kz