Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы

Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 17 мамырға арналған ауа райы болжамын жасап, Қазақстан аумағында болатын метеорологиялық құбылыстар туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Солтүстік-Батыс циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар бұрынғысынша ҚР-ның басым бөлігіне өзінің әсерін сақтап қалады, осыған байланысты ауа райы тұрақсыз болып, найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Тек еліміздің оңтүстігі мен шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша жел күшейіп, елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында – дауыл, бұршақ, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында – шаңды дауыл, солтүстікте тұман болады», делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында.

Атап айтқанда, Ақмола облысының солтүстігінде, батысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, түнде солтүстігінде, батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде жел жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз солтүстігінде, батысында екпіні 23 м/с жетеді.

Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды, күндіз шығысында және таулы аудандарда жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай ойнап, солтүстігінде шаңды дауыл соғып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының шығысында, солтүстік-батысында, Атырау облысының солтүстігінде-найзағай ойнап, күндіз батысында, облыс орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, орталығында, солтүстігінде шаңды дауыл соғып, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с жел тұрады.

Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде жел 15 м/с күшейеді. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, дауыл осғып, бұршақ жауады, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында-тұман болады.

Павлодар облысының солтүстік-батысында күндіз найзағай ойнап, шаңды дауыл соғып, облыстың солтүстігінде, батысында 15-20 м/с жел тұрады.

Күндіз Қарағанды облысының батысы мен солтүстігінде найзағай ойнайды, облыстың батысы мен солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл соғады, жел 15-20 м/с жетеді.

Жамбыл облысының күндіз таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауып, дауыл соғады, жел 15-20 м/с күшейеді.
17 мамыр 2022 ж. 674 0