Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Өнімнің стандартқа сай болуы маңызды

Өнімнің стандартқа сай болуы маңызды

Өнімдердің қауіпсіздігіне жүргізілген мониторинг бойынша 2022 жылдың мамыр айында атқарылған жұмыстар.
Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасымен 2022 жылдың мамыр айына өнімдердің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу аясында техникалық регламент талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында 24 тағам өнімдері мен 7 парфюмерлік-косметикалық және синтетикалық жуғыш заттар сынамалары зертханалық зерттеуге алынды.
Өнімдердің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу аясында техникалық регламент талаптарына сәйкессіздік анықталмады.
Құрметті Сатушылар! Сіздерді әрбір өнімнің таңбалануы, мемлекеттік және орыс тілінде мәліметтердің болуы, өнімнің атауы, өнімді шығарушы мекеменің аты және мекен-жайы, өнімнің шыққан күні, жарамдылық мерзімі, құрамы, салмағы, тағамдық құндылықтың көрсеткіштері, КО мүше мемлекеттер арасына жүруге ыңғайлы белгі ТС ЕАС, ГМӨ қолданылғаны жөніндегі ақпараты бар, стандартқа сай өнімдерді халыққа сатылымға шығаруға шақырамыз. «Таза өнім-қауіпсіз өмір» екенін естен шығармаған абзал.

А. САТЕКЕЕВА, 
Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы
06 маусым 2022 ж. 568 0