Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада 600 келіден астам құс еті сатылымнан алынды

Қызылордада 600 келіден астам құс еті сатылымнан алынды

Қызылорда облысында техникалық регламенттер талаптарына сай келмеген 666 кг-ға жуық құс еті өнімдері сатылымнан алынды.

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен биылғы жылдың 11 айында азық-түлік және азық-түлік емес өнімдердің 1851 сынамасы сараптамаға алынған. Сынамалардың басым бөлігі, яғни  73,6% - тағам өнімдері. 

Жүргізілген сараптамалардың нәтижелері бойынша микробиологиялық, физика-химиялық көрсеткіштер, қауіпсіздік көрсеткіштері және таңбалау бойынша тамақ өнімдеріне қатысты 98 сәйкессіздік анықталды. Бұл ретте, бұзушылықтардың басым бөлігі құс етіне, ет өнімдеріне, алкогольсіз сусындарға және кондитерлік өнімдер үлесінде тиесілі.
Бұдан бөлек, құрамында патогенді микроорганизмдер, соның ішінде Salmonella және Proteus тобының бактериялары ресейде өндірілген бройлер балапанының жіліншігі жартылай фабрикаты мен балапан-бройлердің төс еті жартылай фабрикатынан табылған. Осы себепті жалпы сомасы 641 793 теңгеге құраған 665,90 кг құс еті өнімдері сатылымнан алынды.

Сәйкессіздіктер анықталған өнімдер туралы ақпаратпен «Сәйкес келмейтін өнімдер тізілімінде»,  http://reestr-np.kz/kaz/ сілтемесі арқылы танысуға болады.
baq.kz
14 желтоқсан 2020 ж. 409 0