Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » СҚО-да балалар ойыншықтарынан қауіпті заттар табылды

СҚО-да балалар ойыншықтарынан қауіпті заттар табылды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Серікбай Қасмақасов СҚО дүкен сөрелеріндегі сапасыз өнімдер туралы айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Серікбай Қасмақасов өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде былтыр халық тұтынатын 2,7 мыңнан астам тамақ өнімдері мен тауарлары тексерілгенін мәлім етті.
Олардың 6,6%-ы талапқа сай келмеген. «Салыстырма талдау көрсеткендей, талапқа сай келмейтін өнімдердің басым бөлігі (67,8%) импорттық өнімдерге тиесілі», - деді С. Қасмақасов Көбінесе балық, аспаздық өнімдер, сүт және сүт өнімдері, ет талапқа сай емес.
Балалар ойыншықтарының 132 сынамасының төрттен бір бөлігі техникалық регламент талаптарына сай емес. Мамандар Ресей және Қытай өндірген үш түрлі ойыншықтан формальдегид пен фенол тапқан.
«Былтыр Былтыр 770 мың теңгеден астам сомаға әкімшілік құқық бұзушылық туралы 23 хаттама толтырылған. Сот органдарына 6 материал беріліп, 1,8 миллион теңге сомаға әкімшілік айыппұл салу туралы соттың 6 үкімі шығарылды.
Оның ішінде, объектілердің қызметін тоқтата тұру туралы 6 шешім қабылданды. 2,5 миллион теңгеден астам сомада айыппұл салынған», - деді С. Қасмақасов Сондай-ақ, ол өңірде жалпы талапқа сай келмейтін өнімдер санының төмендеп жатқанын айтты. 
16 наурыз 2018 ж. 1 169 0