Қазақстандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі белгілі болды

Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
«Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептей келе, орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 2018 жылғы ақпанда өткен аймен салыстырғанда 0,5%-ға жоғарылады. Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 19,8%, сүт, тоң май өнімдері мен жұмыртқаны - 15,7%, жемістер мен көкөністерді - 10,1%, нан және жарма өнімдерін - 7,4%, қант, шай және дәмдеуіштерді - 2%-ды құрады», - деп жазылған хабарламада.
Орта есеппен халықтың жан басына шаққанда | 0-13 жастағы балалар | 14-17 жастағы жасөспірімдер | 18 жастан асқан, еңбекке қабілетті халық | Зейнет-керлер мен қарт адамдар | |||
жас жігіттер | қыздар | ерлер | әйелдер | ||||
Ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы | 26 008 | 20 995 | 32 811 | 25 141 | 30 907 | 24 543 | 24 341 |
Азық-түлік тауарлары | 14 305 | 11 547 | 18 046 | 13 828 | 16 999 | 13 498 | 13 387 |
Азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтер | 11 703 | 9 448 | 14 765 | 11 313 | 13 908 | 11 045 | 10 954 |