Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны артты

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының мәліметтерінеше, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны кеше, 7 маусымда 10 адам болса, бүгін олардың саны 17-ге жеткен.
Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында - 9, Алматы қаласында - 3, Жамбыл облысында - 1, Павлодар облысында - 4, Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 1 305 815-ті құрап отыр.
Аталмыш дерттен өткен тәулікте 10 адам жазылды. 8 маусымдағы мәлімет бойынша, 144 адам коронавирус инфекциясынан (–97+ және 47 КВИ-) емделіп жатыр.
Олардың ішінде 33 пациент стационарда, 111 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 4 адамның жағдайы ауыр, 1 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.