Есірткі затын тасымалдаған қала тұрғыны ұсталды

Тексеру барысында жолаушысынан полиэтилен пакетіне оралған шөп ұнтақтары тәркіленді, сараптамаға жолданды. Сараптама қортындысына сәйкес тәркіленген зат «кептірілген марихуана» екені белгілі болды. Күдікті ұсталды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-бөлігімен (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.
kyzylorda-news.kz