Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада есірткіге қарсы акция өтті

Қызылордада есірткіге қарсы акция өтті

26 маусым – халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай Қызылорда қалалық мәдениет және демалыс саябағында акция өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Акция барысында есірткіге қарсы насихат жұмыстарында ерекше көзге түскен азаматтар марапатталды. Сонымен қатар тақырыпқа қатысты театр және би қойылымдары қойылып, кинологиялық орталықтағы қызметтік иттер жұмысы көрсетілді. Концерттік бағдарлама аясында эстрада жұлдызы Мәди Қадыров өнер көрсетті. Акция барысында полиграфиялық есірткіге қарсы өнімдер мен балаларға ойыншықтар таратылды.

Атаулы күнге орай облыстық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс – қимыл басқармасының қызметкерлері ақпараттық-насихаттау жұмыстарын да ұйымдастырды. Облыс аумағында халық көп жиналатын жерлерде нашақорлық зардабы, қылмыстық жауапкершілік туралы арнайы дайындалған плакаттар мен үгіт парақтары, сондай-ақ «сенім телефоны» туралы ақпарат ілінді. Балалар мен жасөспірімдер арасында алдын алу іс-шаралары жүргізілді, кездесулер, спорттық іс-шаралар мен акциялар ұйымдастырылды.
27 маусым 2022 ж. 350 0