Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Есірткісіз өмір ғажайып

Есірткісіз өмір ғажайып

«Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасы аясында халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізуі үшін тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаев 3 бағытты ұстануға үндеу жолдады: 1-бағыт «Темекі шегуді тоқтату», 2-бағыт «Нашақорлыққа, наркобизнеске қарсы күрес», 3-бағыт «Маскүнемдік пен араққа қарсы күрес». Халық осы бағыттарды ұстанып, жаман әдеттерден арылса, елімізде дені сау адамдар көп болар еді.Мен есірткі туралы әлеуметтік желі беттерінен, мектептегі сынып сағаттарынан ғана білемін. Достарымның арасында есірткіге қызығатын жастар болмағандықтан, көптеген ақпаратты осы мақала жазу барысында зерттедім.
Кішкентай кезімізден бастап бізді ата-аналарымыз дұрыс жолға салайын деп тәрбиелеп "әр адамның өмірі өз қолында" – деп айтады. Бірақ бұл ойды көбісі дұрыс түсіне бермейді.
Қазіргі заманда адамдар өзінің қасына жаман адамдарды жолатпайды, яғни олар өзінің айналасындағы адамдарды таңдай біледі. Кейбір адамдар жақсы болып келе жатса да, жаманға қызығып соларға еліктейді. Неге?
Жасөспірімдер шылым тарту арқылы олар есейдім, үлкен жігіт болдым деп ойлайды. Адамдар бөгдеге еліктеймін деп, қандай күйге түскенін білмей қалады. Мысалы: нашақорлық, есірткі, маскүнемдік және т.б. зиянды заттарға әуестенеді.
Есірткі еліктеген адамға да, оның жақындарына да, айналасындағыларға да, үлкен қайғы-қасірет әкеледі.
Есірткіге әуестенген адам алғашқы сәттерде ләззат аламын деп ойлайды, бірақ олар өз денсаулықтарын құртып жатқанын білмейді. Нашақорлықпен ауыратын адамдар көп өмір сүрмейді. Ол адам өміріне қауіпті АИТВ, ЖҚТБ ауруларына әкеледі.
26 маусым - бүкіләлемдік нашақорлыққа қарсы күрес күні. Жыл сайын осы күні көптеген үгіт-насихат жұмыстары жүргізіледі.
Біздің мемлекетіміздің жастарға салауатты өмір сүруіне мүмкіншілік жасап жатқан саясаты өте керемет. Жастар және еріктілер жылдарында бізді игі істер мен нәтижелі жұмыстар күтіп тұр.Сонымен қатар жақсы көзқарасты қалыптастыруға, адамгершілікті арттыруға негізделген деп ойлаймын.
Есірткісіз күліп ойнап өмір сүру ғажайып!
Назерке Қалабаева
Қызылорда облысы, Арал ауданы
К.Н.Крупская атындағы
№14 мектеп-лицейі
 
20 қараша 2020 ж. 1 625 0