Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұстаздар есірткіге қарсы

Ұстаздар есірткіге қарсы

Өмір – адамға табиғатпен берліген ең қымбат дүние. Адамның ұзақ, мәнді де сәнді өмір сүруінің негізі – оның денсаулығы. Денсаулық баға жетпес байлық, адамның ең қасиетті де құнды, жоғалса қайта орны толмас асыл қазынасы.Халқымыз қашаннан-ақ денсаулықты алдыңғы орынға шығарып, «бірінші байлық» деп есептеген. «Дені саудың-жаны сау» – дейді халық даналығы. Денаулығы әлсіз, білімі төмен, зиянды әдеттерге әуес, жалқау, тәрбиесіз жастары  бар ел қашанда әлсіз, қорғансыз.  Жастар болашақ, ертеңгі қоғамның иелері. Сондықтан оларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу, олардың осы дәстүрді дәріптеуші болып қалыптасуына бағыт беру білім беру мекемелерінің, соның ішінде орта мектептің алдында тұрған педагогикалық проблемалардың бірі.
Елбасы «Қазақстанның болашағы жастардың қолында» –деп олардың денінің саулығы, білімінің тереңдігі, жақсы азамат болып өсуі – еліміздің байлығы деген еді.
Қазіргі кезде жеткіншек ұл-қыздарымыздың арасында зиянды заттарға әуестік етек алып барады. Зиянды әдеттерге алкоголь ішімдіктеріне үйір болу, темекі тарту.
Темекінің зияндылығы туралы айтар болсақ, оның құрамында 1200-дей улы заттар бар екен. Оның ең зияндысы–никотин. Темекідегі ең күшті у–никотин денсаулыққа бірден-бір зиянды.
Ал есірткі – грекше наркоз, ұйықтау, ұйқымен ұмыттыру, жансыздандыру дегенді білдіреді. Есірткі – бұл адамның көңіл-күйін, сана-сезімін, мінез-құлқын бұзатын, қауіпті тыйым салынған химиялық хат.
Әрбір адам өзінің күш-жігерін халқына, өз еліне, ұрпақ тәрбисіне жұмсап, ақылды, парасатты және денсаулығы зор болса ғана бақытты»,–деген екен.
Қалай болғанда  да ел, ұлт қамы үшін әр адамның саулығын жақсартуға, салауатты өмір орнатуға бәрімізде атсалысуымыз керек.
Еліміздің жарқын келешегі бәрімізге керек, оның ойдағыдай болуы қоғам мүшелерінің сайдың тасындай өмір сүріп, еңбек етуге әбден байланысты.Адам тағдырына балта шабатын осы зиянды заттардың сақ болуы үшін салауатты өмір салтын ұстануымыз керек.
Біз есірткіге қарсымыз!
Гүлназ Ибрагимова.
№69 орта мектеп мұғалімі.
20 қараша 2020 ж. 1 349 0