Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жарқын – елдің болашағы жас маман

Жарқын – елдің болашағы жас маман

Жастар – ХХІ ғасырда Қазақстанның   тұрақты дамуының кепілі. Жастары белсенді әрі білімді елдің  ертеңі  жарқын болмақ. Қазіргі заманның  жастары  жай отындай  лапылдап  тұруы  тиіс  деп ойлаймын.
ХХІ ғасыр  – білімділер ғасыры. Халқымыз  «Білекті бірді,  білімді  мыңды жығады» деген. Білімнің  шындығында да баға  жетпес үлкен рухани қару екендігін,  тек рухани ғана емес ,  аса зор  өндіргіш  күш  екенін  білуіміз тиіс. Білімнің қуатына тең келетін  басқа рухани күш жоқ  екені  белгілі. Өйткені, білім – тек ғылымның  іргетасы ғана емес,  еңсесі  биік елдермен  терезесі тең мемлекет  болудың  күре  тамыры,  ел  дауының  алтын  қаруы.  Біз секілді жас мамандар білікті де, білімді болса, елдің ертеңі жарқын болмақ.
Қазіргі таңда өзім жас маман  ретінде  ұстаздық  қызметін атқарамын.
Ұстаздық еткен жалықпас. Үйретуден балаға демекші ұстаздық мамандығын өз жүрегімнің  қалауымен таңдадым. Кішкентай кезімнен бастап егеменді елімнің  дамып  көркейуіне  аз болса да өз үлесімді қоссам  екен деп армандайтын едім. Қазақстанның нағыз патриоты, білімді, мәдинетті,  ақылды,  парасатты жас ұрпақ  тәрбиелеу жолында өз  үлесімді  қосу  үшін осы мамандықты таңдадым. Еліміздің ертеңі   бүгінгі жастардың қолында, ал жас ұрпақ тағдыры -ұстаздың қолында , сол себепті  мен осы уақытта дейінгі алған білімімді, шәкірттеріме  үйретіп, оларды өз алдына жеке  тұлға  ретінде  қалыптастыру. Біз  жас мамандар – Қазақстанның ертеңіміз,  болашақ  біздің  қолымызда, сондықтан білімге  құштар, еңбекқор,  еліміздің  ертенін  ойлайтын  шәкірттеріміз көп болсын.
Құлжұмырова Мерует,
№58 орта мектепің бастауыш сынып мұғалімі
11 ақпан 2020 ж. 2 173 0