Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жарқын болашақ кепілі

Жарқын болашақ кепілі

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» туралы мақаласы жарық көргені сол еді, бүгінде ол мақаланы халқымыз түрлі телерадио сынды хабар тарату орындары арқылы, сондай-ақ, әлеуметтік желілерде қызу талқылап жатыр. Рухани жаңғыру бізге расымен ауадай қажет еді. Осы кезге дейін батыс мәдениетінің санамызға сіңіп кеткені соншалық, кейбір әрекеттеріміз арқылы адамдық болмыстан ада болып жара жатқандаймыз. Елбасымыздың аталған мақаласы арқылы елге айтқысы келгені осы екені белгілі. Жалпы рухани жаңғыру арқылы біз жаңа дәуірден өзімізге керекті, алдағы межеге жету үшін жәрдемдесетін жарқын жобаларын қажетімізге жарата білуіміз керек. Яғни, мемлекет басшысы:
-Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлемде бағыты әлі бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек,-деген еді. Біз алдағы уақытта осынау өміршең бағытты өзімізге бойтұмар етуіміз керек. Сондықтан, елдің рухани жаңғыруы үшін даңғыл жол ашатын мақалада көрсетілген бағыттар мен басты міндеттерді ұлт болып іске асыра білуіміз керек деп білемін.
Иә, дөңгеленген дүниенің дүрбелеңге толы бүгінгі уақытында біз үшін етек-жеңімізді жиып, жат дүниеден алыстауымыз аса маңызды болып отыр. Елбасымыз айтқан рухани жаңғыруды жаңашылыдық деп қабалдап қана қоймай, біз бойымыздағы өзімізге кесел болатын кертартпа қылықтардан арылғанымыз да жөн болар. Сонда барып, өзгемен иық түйістіріп, біз мақсат еткен әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену межесіне де көп ұзамай қол жеткізеріміз анық.
Б.Төребай.
05 сәуір 2018 ж. 1 829 0