Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Болашақты айқындар басты құжат

Болашақты айқындар басты құжат

Мемлекетіміз дамудың жаңа мүмкіндіктеріне жол ашқалы түрлі салада серпінді жұмыстарды қолға алып келеді. Әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылу межесі, шындығында, әрбір қазақстандыққа үлкен жауапкершілік жүктейді. Біз сол сенім үдесінен шыға білу үшін бірлесе жұмыс жасап, ұйымшылдықтың нақ үлгісін көрсете білуіміз керек деп ойлаймын. Әрине, бұл жолда бізге Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы үлкен көмек болғалы тұр. Аталған мақалада Мемлекет басшысы «Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Мен жыл басындағы халыққа Жолдауымда Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жарияладым. Осылайша, біз қайта түлеудің айрықша маңыз­ды екі процесі – саяси реформа мен эко­номи­калық жаңғыруды қолға алдық. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі  ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Аталған екі жаңғыру процесінің де нақты мақ­сат-міндеттері, басымдықтары мен оған жет­кізетін жолдары бар. Мен көздеген жұмыс­тары­мыздың бәрі дер уақытында және барынша тиімді жүзеге асарына сенімдімін. Бірақ, ойлағанымыз орындалу үшін мұның өзі жеткіліксіз. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни, одан бұрын жаңғырып оты­руы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаң­ғыру­ларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады»,-деп өзінің елдік дамуға деген сенімділіктің зор екенін алға тартты.
Иә, біз әлемдік саяси аренада өзінің сенімді басшысы бар бақуатты елміз. Елбасымыздың әлемдегі түрлі жағдайлардан ой түйіп, қорытынды шығару арқылы елімізді жаңа әлемге қарай жетелеуде. Ол экономикасы қалыпты, тұрмысы тұрақты, бай да бақуатты қазақ елін әлемге мойындату. Біз мақсат-мүдделерді бірігу арқылы жүзеге асырмақпыз.
Дина Оразғұлова,
№2 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернаты.
25 қаңтар 2018 ж. 1 094 0