Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » ХАКІМ АБАЙДЫҢ МҰРАЛАРЫН ҰЛЫҚТАУ – ӘР ҰСТАЗДЫҢ МІНДЕТІ МЕН БОРЫШЫ

ХАКІМ АБАЙДЫҢ МҰРАЛАРЫН ҰЛЫҚТАУ – ӘР ҰСТАЗДЫҢ МІНДЕТІ МЕН БОРЫШЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Абайдың 175 жылдығына орай жазылған «Абай және XXІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласымен таныстым.
Ұлы Абай секілді данышпан адамның азаматтық, адалдық қасиетін таныта білген бұл еңбектің орны бөлек. Өз халқының болашағы үшін жан-дүниесін қинап, заманның ащы көрінісімен арпалысқан Абай өмірі кейінгі ұрпаққа үлкен өнеге болып келеді. Абай халық жүрегінен орын алған дара да дана тұлға екені анық.
Ұлы ақынның ағартушылық, өнер - білімге шақырған өлеңдері бүгінгі күнмен сабақтасып жатыр. Қазір қазақ халқы Абай армандаған асуларды алып, ғылымның сан - салалы кезеңдерін меңгерді.
Данышпан Абайдың "Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос" деген ұлағатын темірқазық ретінде ұстанып, тәуелсіздік берген тарихи мүмкіндікті толықтай пайдалану - әр қазақ азаматының парызы екені мақалада айқындала түскен.
"Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға" деген Абайдың сөзі кеше ғана ұстаздар үшін жарық көрген "Педагог мәртебесі" туралы заңымен үндеседі.
Хакім Абайдың мұраларын ұлықтау - әр ұстаздың міндеті мен борышы болып табылады. Абай салған сара жолмен жүретін болсақ, Абай көрсеткен биіктерге жетеріміз анық. Осы жолда ұстаздар қауымы бүгінгі заман талабына сай еңбек етуі тиіс деп ойлаймын. Рухани дем берген мақала менің де осы үдерісте жауапкершілік жүгімді еселендіре түседі.
Сулейменова Кулайша Тәниқызы
Арал қаласы, «№177 орта мектебі» коммуналдық 
мемлекеттік мекемесінің директоры
09 қаңтар 2020 ж. 1 382 0