Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлемнің қай қалаларында Абай ескерткіші бой көтереді

Әлемнің қай қалаларында Абай ескерткіші бой көтереді

2020 жылы қазақтың ұлы ақыны Абайдың ескерткіші әлемнің бірқатар елінің астанасында орнатылады, деп хабарлайды inform.kz 
ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, еліміздің сыртқы саясат ведомствосы Абай жылында Германия, Аустрия, Италия, Болгария, Ресей, Грузия, Үндістан, Латвия, Моңғолияның бас қалаларында қазақтың ұлы ақынының ескерткішін орнату мәселесін қолға алған.
«Осы ретте Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі 2006 жылы Мәскеу қаласында ашылған Абай ескерткішін заман талабына сай өзгертіп, жаңа үлгіде қайта жасап орнату туралы ұсыныс енгізуде. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Шығыс Қазақстан облысы Әкімдігі шет елдерде Ұлы ақынның 8 ескерткішін орнатуға атсалысуын сұраймыз», - делінген министрлік ақпаратында.
Естеріңізге сала кетсек, таяуда Ақордада Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Абайдың 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысы өткен болатын. Сол жиында 2020 жылдың 8 қаңтарында елордадағы «Қазақстан» орталық концерт залында Хакім Абайдың 175 жылдық мерейтойының басталуына арналған салтанатты шара өтетіндігі белгілі болған еді.
11 қараша 2019 ж. 1 415 0