Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай 500-ге жуық шара өтеді

Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция, Париж қаласындағы ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде "Абай" көркем фильмінің өндірісі мен шығарылымы, Абай шығармаларының шет тілдеріне аударылуы мен жарыққа шығарылуы, сондай-ақ Абай үйі-музейінің жан-жақты танымалдығын арттыру іс-шаралары, Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығына ғылыми-реставрациялық жұмыстар жүргізу, Абайдың әкесі – Құнанбайдың тұлғалық маңыздылығы мен тарихи-мәдени рөлін арттыру бойынша шаралар қабылдау көзделген. Бұған қоса, бүгінгі күні әлеуметтік желілерде сәтті іске асырылған #Abai175 челленджі жаһандық форматта жалғасын табатын болады. "Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу халықтың тарихи санасына сіңіру және еліміздің рухани мәдениетін жаһандық форматта ілгерілетуге бағытталған Тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі", - деп атап өтті Гүлшара Әбдіқалықова. Соңында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырмалар берді.