Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » "Абай өлеңдерін оқу": Президенттің баспасөз хатшысы эстафетаны Зайытовқа жолдады

"Абай өлеңдерін оқу": Президенттің баспасөз хатшысы эстафетаны Зайытовқа жолдады

Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Facebook желісіндегі парақшасында жазды.
"Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай оның өлеңдерін оқу эстафетасына Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы үлкен мән беріп, осы бастаманы жалпыхалықтық деңгейге көтерді. Өзі де Абай Құнанбайұлының өлеңінен үзінді оқыды, оны жақсы білесіздер.
Осы эстафетаны президенттің кеңесшісі Ерлан Қариннен, Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов мырзадан және павлодарлық достар Нұржан мен Русланнан, сондай-ақ, сыныптасым Айраттан қабыл алдым.
Абай күллі қазақтың темірқазығы, алты Алаштың рухани азығы! Сондықтан, ешбір қазақ баласы осы эстафетадан тыс қалмайды деп ойлаймын.
Абай өлеңдерін оқу эстафетасын парламент сенатының депутаты, комитет төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед мырзаға, вице-премьер Гүлшара Әбдіхалықова ханымға және айтыскер ақын Ринат Зайытовқа, сондай-ақ, барша әріптестеріме жолдаймын.Қазақтың руxы әрқашан биік болсын!" - деді Берік Уәли.
Еске сала кетсек, Ләйлім-Шырақ есімді 9 жастағы мектеп оқушысы ұлы ақын Абай өлеңдерінен үзінді оқып, бұл эстафетаны жалғастыруды Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдады.
Мемлекет басшысы бүлдіршіннің ұсынысын қабыл алып, Абай өлеңін жатқа айтты.
Тоқаев эстафетаны қос министрге және Димаш Құдайбергенге жолдады.
kaz.nur.kz

17 шілде 2019 ж. 973 0