Есірткісіз өмір ғажайып.

Бір рет есірткіні пайдаланған адамды оған деген тәуелділіктен ажырату өте қиын, сондықтан ертерек денсаулығын,ұрпағын ойлағаны жөн.
Адам есірткіні не үшін пайдаланады? Жеке өмірінде,отбасы жағдайында қиындықтар мен түсініспеушіліктердің пайда болуынан. Осындай себептермен адам жаман жолға түседі. Есірткі көптеген адамның ауруына,өліміне себепші. Сондықтан есірткінің еш пайдасы жоқ. Қазіргі таңда нашақорлықпен күресіп келе жатқан адамдар бар. Олар үшін денсаулық маңызды. Есірткіге қарсы тұрудың бірден-бір жолы -спорт. Сол үшін кез-келген адам есірткіге жоламай, спортпен шұғылданып, денсаулығы үшін есірткімен күресуі керек, айналасындағыларға бұл жайлы айтып ескертуі қажет. Сонда ғана қоғамда есірткіге тәуелділік азаяды. Осындайда "Дені саудың жаны сау"-деген мақал қалыптасқан.
Ишмұрат Нұрай
№ 220 орта мектебінің 7 “в” сынып оқушысы
#ҚызылордаОПДЕҚҚІҚБтарапынанжарияланғанбайқауға.