Тараз тұрғыны граффити-жазбалар арқылы есірткі жарнамалаған

Қазіргі таңда анықталып табылған граффити-жазулар жойылды, түрлі синтетикалық есірткіні насихаттайтын интернет-сайттар бұғатталды. Жамбыл облысының Полиция департаменті облыс тұрғындарын есірткінің таралуына ықпал ететін осындай құбылыстардан тыс қалмауға, әрбір дерек бойынша селқостық танытпауға және есірткі қылмыстылығымен күресте белсенді азаматтық ұстаным танытып, есірткі жарнамасын таратуға жол бермеуге шақырады.