Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде қоғамдық орындарда есірткінің жаңа түрі ашық жарнамаланатын болған

Елімізде қоғамдық орындарда есірткінің жаңа түрі ашық жарнамаланатын болған

Есірткі сатушылар тұрғын үйлердің қабырғаларын қойып, енді жарнамаларын адам көп жүретін орындарда да жандандыруда. Елорданың кейбір саябақтарында жастарды еліктіретін психотроптық заттарды сататын сайттардың сілтемесінен көз сүрінеді.

Жаңа сипаттағы есірткі саудасына тосқауыл қоюға құзырлы органдар неге қауқарсыз? Синтетикалық нашаға тәуелді болып, қара түнектен шыға алмай жүргендердің саны қанша? Бұл туралы Евразия арнасына сілтеп Stan.kz хабарлайды.
"Спайс", "легалка", "скорость" сынды есірткілердің қатарына енді "мефодрон" деген зат қосылды. Бұл да нашаның бір түрі. Соңғы уақытта қалада атауы көзге оттай басылатын жазулар көбейіп келеді.
Біз қазір, елордадағы Есіл өзенінің жағасында орналасқан саябақтардың бірінде жүрміз. Мұнда психотропты заттарды емін-еркін саудалайтын сайттардың сілтемесі бар жазулар қаптап кеткен.  Мәселен, мына электр бағанының түбінде есірткі заттарының саудасын қыздырып отырған сайттардың сілтемесі тайға таңба басқандай етіп анық көрсетілген. Ал, бірақ, дәл жазудың артында бейнебақылау камерасы орнатылған".   
Құрылғының аты болмаса, бейнебақылау камерасы жұмыс істемейтін секілді. Бұл бай-бағландардың зәулім үйлері орналасқан ауданда бір емес оншақты қырағы аппараттарды көзіміз шалды. Алайда тауарын жарнамалаған пысықайлардың бұл әрекетіне тосқауыл болмай тұр. 
"Былтыр 4500 сайт өзіміз тәркіледік.Тауып тәулік бойы жұмыс істеп, сол сайттарды біз Коммуникация және ақпарат министрлігіне жібереміз. Солар жауып тастайды. ҚР Әкімшілік кодексінің 426-бабы бойынша былтыр іс-шара бойынша 101 дерек анықталған", - деді ҚР ІІМ есірткі қылмысна қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы Берікхан Нұрғалиев.
Статистикаға сүйенсек, соңғы жылдары есірткінің дәмін татып, кейін бұл дерттен айыға алмай қалған жандардың саны артқан. 
Мәселен, бет-жүзін көрсеткісі келмеген жігіт алғаш рет есірткінің дәмін жоғары сыныптағы оқушылармен бірге татып көріпті. Әуеліде таблеткалар, сосын марихуана, соңында есірткінің ең ауыр түрі героинге қалай тәуелді болып қалған.     
"Есірткіден басқа нәрсені ойлай алмадым. Өйткені, жетімдер үйінде өткізген өмірімді ұмыту үшін осы маған көмектеседі деп түсініппін. Жұмыс істегім келмеді. Бірақ, есірткі алу үшін ақша керек. Кейіннен менің өмірімді тек наша ғана басқара бастағанын білгендей болдым", - дейді емделуші.
Нашадан басқаны ойлаудан қалған жігіт полицияға барып, өзін абақтыға жабуды өтінген. Онысы нашадан біраз күнге болса да құтылсам деген ой екен. Апталдай азамат еш нәтиже болмаған соң, ақыры есіртктіге тәуелді жандарды айықтыруға арналған жерге тап болып, қазір ем қабылдауда. 
"Соңғы екі жылда бізге 300-ден астам отбасы келіп көмек сұрады. Қазір бізде ем қабылдап жатқан, 100 адам қалыпты өмірге бейімделіп, жазылып келеді. Жалпы, көп отбасыларда туыстарының  бірі есірткіге әуестенсе, оны ұрып-соғып, кейде қамап ұстап жатады. Бірақ, мұның дұрыс емес екенін айтқым келеді. Оны қайта қалпына келтіру үшін осындай орталыққа келу керек", - деді есірткіден емдейтін орталықтың маманы Бекет Елтайұлы.
Ресми мәліметке сәйкес, Қазақстанға синтетикалық есірткілерді алып келетін елдердің бірі Қытай. Ал, онымен күрес мәселесі әлем елдерін толғандырып отыр. Себебі синтетиканың әсері есірткілер тізіміне енгізілген марихуанадан әлдеқайда күшті. Сондықтан мамандар оны емін-еркін саудалап жүргендерді заңмен жауапқа тартып, жаза қолданбаса, жағдайдың бұдан әрі нашарлайтын түрі бар дейді.
http://stan.kz
13 мамыр 2019 ж. 814 0