Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Күндізгі ұйқы не үшін қажет

Күндізгі ұйқы не үшін қажет

АҚШ ғалымдары күндізгі уақытта қандай адамдардың ұйықтауы маңызды екенін анықтады. Бұл туралы Доктор Питер жазды.

Ұйқымыз жеткіліксіз болған сайын, біз күні бойы өзімізді нашар сезінеміз. Бас ауыруып, дене әлсіреп тұрады.  Келесі күні денені қалпына келтіру және қалыпты жұмыс істеу үшін кем дегенде 7-8 сағат ұйқы қажет.

Күндізгі жарты сағаттық ұйқы жағдайды жақсартады. Әрине, бұл ұйқы ағза үшін жеткіліксіз, бірақ ми "қайта зарядталады",  дене сергіп қалады.  

Ғалымдар күндізгі ұйқының адамға пайдалы екенін айтады.  Күндізгі ұйқы жақын арада дәрі ретінде тағайындалуы мүмкін. Бірнеше зерттеулер оның ағзаға пайдасын анықтады. Сонымен, күндіз 20 минут ұйықтап алу: есте сақтау, зейіннің шоғырлануын жақсартады, ашуланшақтықты азайтады және көңіл-күйді көтереді.

Кейбір адамдар үшін күндіз ұйықтау пайдалы ғана емес, тіпті қажет болуы мүмкін, деп жазады британдық Express басылымы. Мысалы, гипертонияменауыратын адамдарға керек. Америкалық ғалымдар зерттеу жүргізіп, содан кейін олар күндіз аздап ұйықтап алу қан қысымын төмендетеді деген қорытындыға келді.

    "Түстегі ұйқы қан қысымын басқа өмір салтын өзгерту сияқты төмендетеді. Мысалы, тұз бен алкогольді тұтынуды азайту қан қысымын 3–5 мм сынап бағанасына төмендетуі мүмкін. Күндізгі ұйқы да осындай әсер етеді", - дейді кардиолог Манолис Каллистратос.

Егер гипертониялық науқастар күндіз ұйықтаса, онда қысым төмендейді, демек, жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупі айтарлықтай төмендейді. Мысалы, инфаркт алу мүмкіндігі 10%-ға азаяды.

massaget.kz
01 шілде 2022 ж. 568 0