Аса ірі мөлшерде есірткі тасымалдаған Қызылорда қаласының тұрғындары ұсталды

Тексеру барысында автокөліктен бір қапқа салынған шөп ұнтақтары тәркіленді. Сараптама қортындысына сәйкес тәркіленген зат салмағы 4 келіден аса «кептірілген марихуана» екені белгілі болды.
Екі күдікті қазіргі таңда Арал АПб-ның уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
«Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен (аса ірі мөлшердегі есiрткi,психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде», – делінген полиция департментінің хабарламасында.
kyzylorda-news.kz