Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ертеңнен бастап жаңбыр жауып, жел күшейеді

Ертеңнен бастап жаңбыр жауып, жел күшейеді

Қазақстанның көптеген өңірінде Оңтүстік циклонның әсерінен жаңбыр жауып, жел күшейеді.
5 шілдеде шығыста, оңтүстік-шығыста, солтүстікте, ал 6 шілдеде солтүстік-батыста, орталықта қатты жаңбыр жауады, күн күркірейді, бұршақ түсуі мүмкін.
7 шілдеде еліміздің батыс өңірлерінде жоғары атмосфералық қысымның әсерінен жауын-шашын тоқтайды.
Күндіз батыста ауа температурасы +18+26°С-тан +23+31°С-қа дейін, солтүстік-батыста, солтүстікте +15+23°С-тан +20+28°С-қа дейін жоғарылайды.
Маңғыстау облысында – +23+28°С, оңтүстігінде – +31°С,
елдің орталығында – +20+28°С,
Қарағанды және Ұлытау облыстарының оңтүстігінде – +33°С,
республиканың шығысында – +22+29°С, ШҚО оңтүстігінде – +33°С,
елдің оңтүстігінде – +30+37°С-тан +25+33°С-қа дейін төмендейді,
елдің оңтүстік-шығысында – +28+33°С, таулы аудандарда – +23°С.

kyzylorda-news.kz
04 шілде 2022 ж. 603 0