Жемқорлық-қоғам дерті

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс.
Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимыл жасау қай уақытта болмасын кез келген мемлекет үшін өзекті мәселе болды. Осы саладағы жетістіктер дәрежесі елдің әл-ауқаты деңгейін тікелей анықтайды. Елбасының саяси ерік-жігерінің арқасында Қазақстанда сыбайлас жемқорлықты жою бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Әрине, сыбайлас жемқорлық дәрі беріп емдейтін сырқат емес. Ол ұшін бұл ауруға қоғам болып қарсы тұруымыз кажет.
Г. Мурзағұлова,
Арал аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және
азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы