Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жемқорлықпен күрес – өзекті мәселе!

Жемқорлықпен күрес – өзекті мәселе!

Сыбайлас жемқорлық – қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кеселмен күресуді қоғам болып қолға алмаса дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіретіні белгілі.Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар, онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Мемлекеттік органдардардың ұжымдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары өз өкілеттігі шегінде кадр, бақылау, заңгерлік және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.
Сыбайлас жемқорлық еліміздің экономикасы мен ұлттық қауіпсіздігіне орасан зор нұқсан келтіріп қана қоймай, нарықтық экономиканың дамуына залалын тигізеді. Сол себепті онымен күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыттарына айналған. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу әрбіріміздің міндетіміз. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымыз анық.
А.Көмекбаев,
«Арал аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» КММ
13 желтоқсан 2020 ж. 662 0