Жастар үшін тарихи мәні зор съезд болды
Таяуда Ақмола облысы Зеренді аймағында "AMANAT" партиясы жанындағы Жастар қанатының кезектен тыс VI съезді өткізілді.
Әрине съезд жұмысы Мемлекеттік әнұранмен басталды.
Одан соң, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Съезд делегаттарына бейнеүндеу жариялап, сәттілік тіледі.
Одан әрі сьезд делегаттары сөз алып, ұйымның жаңа атауын ұсыну жұмыстарын жүргізді.
Делегаттар ұсынысымен ұйым атауы "ЖАСТАР РУХЫ" жастар қанаты болып өзгерді.
Барлық делегаттар бірауыздан қолдап, шешім қабылданды.
Бұдан әрі Партия төрағасы Ерлан Жақанұлы сөз алып, ұйымның жаңа бағытына сәттілік тілеп, бірқатар ұсыныстарды қабылдап алдағы уақытта, жаңа ұйымның жұмыстарын жандандыру қажет екенін жеткізді.
Жалпы алғанда бұл тарихи съездің мәні зор жәнеде ұйымның жаңа бағыттарымен жаңа жұмыстарын алдағы уақытта нақты істермен көрсетеміз деп сенеміз.
Сабырбай Ержан Әділжанұлы,"ЖАСТАР РУХЫ" Жастар қанатының бөлімше басшысы