Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Jas Otan" Жастар қанатының жаңа басшысы тағайындалды

"Jas Otan" Жастар қанатының жаңа басшысы тағайындалды

"Nur Otan" партиясы Арал аудандық филиалы жанындағы "Jas Otan" Жастар қанатының жаңа басшысы тағайындалды.
Бүгін "Nur Otan" партиясының Арал аудандық филиалының мәжіліс залында "Jas Otan" Жастар қанатының бөлім басшысын қайта сайлау жиыны өткізілді. Жиынға "Nur Otan" партиясы Арал аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Қанатов Талғат, «Jas Otan» Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Кардашов Әлішер, аудандық "Жастар ресурстық орталығының" қызметкерлері қатысты.
Жиын барысында күн тәртібіндегі мәселе бойынша "Jas Otan" Жастар қанатының Арал аудандық бөлімінің жаңа бөлім басшысы қызметіне Сабырбай Ержан тағайындалды.
"Nur Otan" партиясы Арал аудандық филиалы жанындағы "Jas Otan" Жастар қанатының жаңа басшысы Сабырбай Ержанға сәттілік тілейміз.


"Толқын" ақпарат

04 мамыр 2021 ж. 705 0