Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Банкке берешегі бар азаматтарға несие берілмейді

Банкке берешегі бар азаматтарға несие берілмейді

Жақында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Банк қызметін реттеу мен дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Енді бұдан былай банкке берешегі бар қазақстандықтар несие рәсімдей алмайды. Мұны қалай түсінуге болады?
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өкілінің айтуынша, жаңа түзетулер табысы төмен, берешегі бар клиенттерге жаңа несие бермейді. Қолданыстағы заңға сәйкес барлық несие бойынша жиынтық төлемдер сомасы қарыздық жүктеме коэффициентінен аспауы керек. Бұл несие төлемдері жалпы кірістің 50 процентінен аспауы керек дегенді білдіреді. Мысалы, 200 мың теңге жалақысы бар адам жалпы төлем сомасы 100 мың теңгеден жоғары несие ала алмайды. Егер кіріс мөлшері қазірдің өзінде аз болса және оған қоса әлеуетті қарыз алушының қамқорлығында кәмелетке толмаған балалар болса, онда несиелер бойынша төлемдердің жалпы сомасының қалдығы ең төменгі күнкөріс деңгейінен (шамамен 37 389 теңге) және 0,5 (18 мың теңге ) әр балаға ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен болмауы керек.
Қабылданған заңға сәйкес, басында несиесі бар қазақстандықтар қайта қарыз ала алмайды. Сондай-ақ Несие бюросына берілген қарыз жайлы ақпаратты жеткізу уақыты 15 жұмыс күнінен 1 жұмыс күніне дейін қысқарады. Микрокредит бойынша сыйақының шекті мөлшері мен айыппұл көлемі шектеледі. Мұндай қадам қазақстандықтардың несиелік жүктемесін азайту үшін жасалып отыр.
Ал ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова: "Микрокредиттік ұйымдарға қарыз азаматтардың жүктемесін қысқарту үшін микрокредит бойынша артық төлемді екі есеге – микронесие сомасынан 100-ден 50 пайызға қысқарту ұсынылады", – деді

"Толқын" ақпарат
21 шілде 2022 ж. 453 0